Мұғалімдер мұңын шақты
Мұғалімдер мұңын шақты
Nur Otan партиясы Түр­кістан облыстық филиалының Open Space форматындағы қо­ғамдық қабылдау бөл­месінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов 7 тұрғынды қа­былдады. Тұр­ғындардың басым бөлігі білім сала­сындағы мәселелер бо­йын­ша шағымданды. Келес ауданынан келген Ж.Әбдірайымов мектептен, кен­таулық А.Тойбекова балабақ­шада­ғы жұмысынан заңсыз шы­ғарылғанын айтып шағымданды. Өз кезегінде Сәкен Қалқаманов екі тұрғынның мәселесі бойынша тексеру жұ­мыстары жүретінін, егер де заң­сыздық анықталса, оларды қайтадан жұмысқа алатынын айтты. Бұл мәселе бойынша Түр­кістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Жолаевқа тапсырма берді. Қоғамдық қабылдауға Кен­тау қаласынан келген бір топ тұрғын өздері жұмыс істейтін ба­лабақшаның жекеменшікке өтіп кету қаупі бар екенін айтып арызданды. Облыс әкімінің орын­басары мәселені жылдам әрі жүйелі түрде шеше білді. Кентау қаласы әкімінің орынбасарына хабарласып, балабақша ғимаратын ретке келтіріп, нысанды жөндеу жөнінде тапсырма берді. Биыл күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат жеткіліксіз болғандықтан, осы жылдан бастап жөндеу жұмыстары қайта қолға алынады. Ал келесі жылы күрделі жөндеуден өтпек. Түркістандық ұстаздар Г.Абдурахманова мен Н.Қозы­бақова жаңа мектепке ауыс­тырылуына байланысты сағат жетіспей жатқанын айтты. Мұға­лім­дердің мұңына құлақ асқан С.Қалқаманов бұл білім ұясында тексеру жүріп, аттестациядан өткен ұстаздар заңға сәйкес сағатына ие болатынын жеткізді. Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы алдағы уақытта аталған мәселе бойынша жұмыс жүргізеді.   Әбілмансұр ЖАСАН