Webometrics: Абай университеті – Қазақстанның ең үздік жеті жоғары оқу орнының бірі

Webometrics: Абай университеті – Қазақстанның ең үздік жеті жоғары оқу орнының бірі

Әр жарты жыл сайын ұсынылатын Webometrics Ranking of World Universities-2022 әлемдік үздік білім беру мекемелері веб-сайттарының халықаралық рейтингі жарияланды.

Webometrics Ranking of World Universities – бұл университет сайтының және оның зерттеуші ғалымдарының Scopus және Google Scholar ғылыми метрикалық жүйелеріндегі жарияланымдарының қажеттілігін ескеретін көрсеткішке негізделген әлемдік университеттердің жаһандық рейтингі.​

Қазір әлемнің 15 914 университеті арасында Webometrics рейтингіне Қазақстанның 132 университеті қатысты. Аталмыш рейтингтің қорытындысы бойынша, Абай атындағы ҚазҰПУ сайты Қазақстанның ТОП-7 үздік жоғары оқу орындарының қатарына кірді (2022 жылдың қаңтары – 10-орын).

Рейтинг әдіснамасы жоғары оқу орындарының жаһандық ақпараттық кеңістікте ұсынылуын талдауға негізделген. Университеттің ғылыми қызметінің белсенділігіне талдау жүргізілетін Web-индикаторлар профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің зерттеу қызметіне қаншалықты тартылғанын анықтауға мүмкіндік береді. Cybermetrics Lab әдістемесіне сәйкес университеттерді рейтингтеу алгоритмі үш көрсеткішке негізделген: Impact, Openness, Excellence. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың осы рейтингтегі жыл сайынғы ілгерілеуі оның әлемдік жоғары білім жүйесіндегі тұрақты орнын тағы бір рет растайды.

Халықаралық рейтингтерге қатысу университетті жаһандық ғылыми кеңістікте орнықтыруға, халықаралық білім беру ортасына кіруге, білім беру және ғылыми-зерттеу процестерін халықаралық ережелер мен стандарттармен үйлестіруге, білім беру қызметінің сапасын арттыруға және өсудің жаңа мүмкіндіктерін табуға жол ашады.

Университеттердің ұлттық және халықаралық рейтингтерінде Абай университеті - ұзақ жылдар бойы үздіктер қатарында болып келеді және тұрақты түрде Қазақстанның жетекші педагогикалық университеті. Бұл жетістіктердің бәрі оған зерттеу университеті болу мақсатына жақындауға мүмкіндік береді.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.