Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы: қыздар құрамасы жетінші кездесуін жеңіспен аяқтады

Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы: қыздар құрамасы жетінші кездесуін жеңіспен аяқтады

Үндістанның Ченнай қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Қазақстан әйелдер құрамасы жетінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz сайты. Қазақстандық шахматшылар Вьетнам өкілдерімен кездесіп, 2,5-1,5 есебімен жеңіске жетті. Жансая Әбдімәлік өз матчының жеңімпазы атанды. Бибісар Асаубаева, Гүлісхан Нахбаева және Назерке Нұрғали қарсыластарымен өзара тең ойын көрсетті.