Түнгі уақытта көлік қозғалысы шектеледі
Түнгі уақытта көлік қозғалысы шектеледі
8,063
оқылды
Алматы қалалық Мобилділік басқармасы 5 тамыздан 12 тамызға дейін күн сайын түнгі уақытта белгілі көшелерде көлік қозғалысы шектелетінін айтты. Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 5 тамыздан 12 тамызға дейін күн сайын түнгі уақытта сағат 23:00 мен 06:00 аралығында Әшімов көшесінің Абай даңғылынан Райымбек даңғылына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша ішінара шектеледі. Басқарма келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, тұрғындардан жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды ескертеді.

А. Жаннұр