Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласындағы өңірлік өкілдері басқармасы бастығының бұйрығына сәйкес «Квику» микроқаржы ұйымы» ЖШС-і микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айырылды. Себебі, қаржылық ұйым заң талаптарын жүйелі түрде бұзған. «Микроқаржылық қызмет туралы» Заңда көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асырып, түрлі құқықбұзушылықтарға жол берген. Агенттіктің мәліметінше, бұл қарыз алушылардың борыш жүктемесінің негізсіз ұлғаюына әкелген.
А. ЖАННҰР