Азаматтытық авиация комитеті әуе рейстерінің кешігуіне байланысты жүріп жатқан тергеудің барысы туралы ақпарат жариялады. Комитеттің мәліметінше, 2022 жылдың 16 шілдесінде Air Astana компаниялар тобына кіретін Fly Arystan бөлімшесі Алматы-Атырау бағыты бойынша КС-7202 рейсін 12 сағат 9 минутқа кешіктірген. Ал ұшақты осынша уақыт бойы күткен жолаушыларға ҚР «Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» заңның 86-бабының 1-бөлігінде көзделген қызметтер, атап айтқанда, қонақүй ұсыну қызметі тиісінше ұсынылмаған. Осылайша, әуе компаниясына 4 тамызда «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодекске сәйкес, 3 млн 63 мың теңге көлемінде айыппұл салынған. Бұл – Air Astana компаниялар тобына жолаушылар құқығын бұзғаны үшін өткен айда салынған төртінші айыппұл.
Асыл Тұмар