Елордада 11 мектеп салынады
Елордада 11 мектеп салынады
342
оқылды
Биыл Нұр-Сұлтанда сыйымдылығы 23 мыңнан астам оқушыға арналған 11 мектеп салынады. Елордалық Білім басқармасының хабарлауынша, қыркүйекте «Зәм-зәм» тұрғын үй кешені аумағында орналасқан BINOM мектебі, сондай-ақ Е-22 көшесі мен Тұран даңғылы қиылысында бой көтерген International School of Nur-Sultan City мектептері пайдалануға беріледі. Олардағы жалпы оқушы орындарының саны 6 мыңды құрайды. Соңғы екі жыл ішінде қалада 25 мектеп салынған. Солардың бірі №65 мектепте есту, тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар оқиды. Мұнда 3 мыңнан астам оқушы білім алған. Бұл оқу орнына тиісті жүктемеден асып түседі. Сондықтан оның жанынан жаңа корпус салынып жатыр. Ол тағы 1200 оқушы орнын құруға мүмкіндік береді.

Асыл Тұмар