Зауыттан өрт шықты
Зауыттан өрт шықты
765
оқылды
Орал механикалық зауытында өрт шықты. Тілсіз жалын 240 шаршы метрді шарпыды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, «Орал механикалық зауыты» ЖШС аумағында 2-цех шатыры мен жарық шамы өртенген. Жедел штаб құрылып, тілсіз жауды ауыздықтауға 15 техника, 56 адам жұмылдырылды. Өрт 12:29-да оқшауланып, 12:40-та сөндірілді. Қаза болғандар мен жарақат алғандар жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.

Асыл Тұмар