Некелесу мерзімі қысқарады
Некелесу мерзімі қысқарады
277
оқылды
Әділет министрлігінің бұрығына сәйкес, елімізде неке тіркеу мерзімі 15 күнге қысқармақ. Жаңа бұйрыққа сәйкес, некелесуге ниетті жұптың келісімі бойынша өтініш берілгеннен кейін 15 күнтізбелік күнде неке тіркеледі. Сондай-ақ құзыретті орган басшысының шешімімен, жүктілік, баланың тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қатер төнуі және басқа да ерекше себеппен 15 күнге дейін неке қиылуы мүмкін. Бұл себептер құжат жүзінде расталуы тиіс. Тіркеуші орган басшысы некеге тұру мерзімін ұзарта да алады. Бірақ ол күнтізбелік 15 күннен аспауы тиіс.