Шәмшиев - чемпион
Шәмшиев - чемпион
388
оқылды
Елордада өтіп жатқан дзюдодан Азия біріншілігінде ел құрамасы қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. Қазақстандық Данияр Шәмшиев 73 келі салмақта чемпион атанды. Ол финалда өзбекстандық Муроджон Юлдошевтің осал тұсын тапты. Белдесу ұзаққа созылған жоқ. Данияр қарсыласының әлсіз тұсын байқап, «иппонға» қол жеткізді. Нәтижесінде, белдесу уақытынан ерте тоқтатылды. Айта кету керек, бұған дейін құрлықтық додада әйелдер арасында Абиба Абужакынова (48 келі) күміс медаль алды. Ал ерлер арасында 60 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Мағжан Шәмшадин мен Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) қола жүлдеге қол жеткізді. Құрлықтық дода 4-7 тамыз күндері аралағында болады деп жоспарланып отыр. Оған Азияның 19 елінен 200-ден астам балуан келеді. Спортшылар 14 салмақта сынға түседі. Олардың қатарында еліміздің атынан 18 балуан қатысады.