Головкин Қазақстанда жұдырықтаспақ
Головкин Қазақстанда жұдырықтаспақ
680
оқылды
­Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин туған елінде жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғанын айтты. Головкин Compas On The Beat басылымына берген сұхбатында 17 қыркүйекте Сауль «Канело» Альвареспен өткен үшінші жекпе-жектен кейін бокстағы мансабын аяқтау жоспары жоқ екенін, ал зейнетке шықпас бұрын қазақстандық жанкүйерлер үшін үлкен шоу көрсеткісі келетінін айтты.
 – Болашақта кіммен, қалай және қайда жекпе-жек өткізуге қатысты жоспарым көп. Менің сүйікті Қазақстаным бар, онда бокс кешін өткізу керек деп ойлаймын, үлкен жоспарларым бар, – деді Геннадий.
Геннадий кәсіпқой мансабында Қазақстанда бір-ақ рет жекпе-жек өткізген. 2010 жылы 16 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда өткен жекпе-жегінде колумбиялық Нилсон Тапияны нокаутқа түсірген еді.