Мемлекет басшысы Бибісара Асаубаеваны құттықтады
Мемлекет басшысы Бибісара Асаубаеваны құттықтады
935
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азияның ең үздік шахматшысы атанған Бибісара Асаубаеваны құттықтады.
«Бибісара Асаубаева толағай табысқа қол жеткізді. ФИДЕ қазақстандық дарынды қызды Азияның үздік шахматшысы деп таныды. Қазақстан шахматшыларына үнемі қолдау көрсетіп келе жатқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жаңалықты назардан тыс қалдырған жоқ. Ол Бибісараны құттықтап, жаңа жетістіктер тіледі» делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.
Шахматтан 18 жастағы қазақстандық әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Азияның үздік шахматшысы атанды.