Шымкентте ойнап жүрген баланы ток соқты

Шымкентте ойнап жүрген баланы ток соқты

Шымкентте 9 жастағы баланы ток соғып, ауруханаға түсті. Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға бүгін сағат 09.25-тер шамасында Ерімбетов көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған. Зардап шеккен бала анасының айтуынша, баласы үйдің жертөлесінде орналасқан электр қалқанындағы токқа соғылған.

«Балаға бас терісінің күйігі, 3 дәрежелі электр жарақаты деген диагноз қойылған. Қазіргі таңда ол қалалық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр деп бағалануда» делінген ТЖД хабарламасында.