Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша облыстық жедел жәрдем бөлімшесіне Ақтау-Қаламқас тас жолы бойының 128-146 шақырымында автокөлік аударылғаны туралы хабар кеп түскен. Шұғыл шаралар жедел қолға алынып қатты соққы алған көлік ішіндегі екі азамат жақын маңдағы Таушық елді мекенінің дәрігерлік амбулаториясына жеткізілген. Анықталғандай екі азамат Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылының тұрғындары болып шықты. Lada Granta көлігінің жүргізуші көлікті басқара алмаған себепті көлік трассадан шығып кетіп, аударылған. Дәрігерлердің айтуынша 1976 және 1973 жылы туылған екі азаматты аман алып қалу мүмкін болмаған. Маңғыстау полиция департаментінің мәлімдемесіне сүйенсек, 2019 жылы облыста 72 адам жол апатынан қаза тапқан. Анаргүл Жексембайқызы, Маңғыстау облысы