Нұр-Сұлтанда алып сәби дүниеге келді
Нұр-Сұлтанда алып сәби дүниеге келді
695
оқылды
Нұр-Сұлтандағы №3 көпбейінді қалалық аурухананың перзентханасында салмағы 5,8 килограмм сәби дүниеге келді. Медицина қызметкерлері Исатай батыр деп атап кеткен сәби 4 тамыз күні өмірге келді. Туған кездегі бойы – 63 см. Ол отбасындағы үшінші бала – кішкентай батырдың әпкесі мен ағасы бар. 30 жастағы әйел жүктіліктің 39 аптасында табиғи түрде босанды, – деп хабарлады №3 аурухана. "Қиын болды, бірақ мен перзентхана дәрігерлеріне дән ризамын. Жанымда бірнеше маман болды, маған қолдау жасап, жағдайды бақылап отырды. Керек десеңіз, жанымда перзентхана және босанғаннан кейінгі бөлім меңгерушілері де тұрды" – дейді нәрестенің анасы.