Қазақстан дзюдодан Азия чемпионатында тағы екі медаль жеңіп алды
Қазақстан дзюдодан Азия чемпионатында тағы екі медаль жеңіп алды
271
оқылды
Қазақстандық дзюдошылар Дидар Хамза мен Аруна Жангелдина Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдені жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты. 90 келі салмақта үшінші орын үшін белдесуде Хамза Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілі Арам Григоряны жеңді. Қазақстандық Аруна Жангелдина Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды. 78 келі салмақта қола үшін белдесуде Жангелдина Тайвань өкілі Чжэн Чжао Мадан басым түсті. Айта кетейік, тағы бір қазақстандық дзюдошы Ислам Бозбаев (100 келіге дейін) финалға шықты. Бұған дейін екі жарым минутта алтын алған Данияр Шамшаев (78 жасқа дейін) турнир чемпионы атанды.