Оралда стадион маңынан ер адамның денесі табылды

Оралда стадион маңынан ер адамның денесі табылды

Оралда пышақ жарақаты бар ер адамның мүрдесі табылды. БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 6 тамыз күні шамамен сағат 21.30-да Исатай-Махамбет көшесі бойында болды.

«П.Атоян атындағы стадион маңынан 1974 жылы туған ер адамның мүрдесі табылды. Оның денесіне бірнеше жерден пышақ салынған. Қазір Қылмыстық кодекстің 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, күдікті іздестіріліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде»,– деп хабарлады ведомстводан.
Қала тұрғындарының сөзіне қарағанда, марқұм бірнеше кафе, дүкені бар кәсіпкер болған.