Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 988 жағдай тіркелді. Мәселен, кешегі мәлімет бойынша тәулік ішінде 2 197 адамнан қауіпті вирус анықталған болатын. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 366 832 жетті. Соңғы тәулікте ауырғандардың ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 521, Алматы қаласында - 295, Шымкент қаласында - 32, Ақмола облысында -106, Ақтөбе облысында - 66, Алматы облысында - 19, Жетісу облысында - 31, Атырау облысында - 39, Шығыс Қазақстан облысында - 33, Абай облысында - 44, Жамбыл облысында - 53, Батыс Қазақстан облысында - 67, Қарағанды облысында - 339, Ұлытау облысында - 32, Қостанай облысында - 97, Қызылорда облысында - 36, Маңғыстау облысында - 34, Павлодар облысында - 95, Солтүстік Қазақстан облысында - 33, Түркістан облысында 16 тұрғын бар.