Хайнань аралында 80 мыңнан астам турист қамалып қалды
Хайнань аралында 80 мыңнан астам турист қамалып қалды
352
оқылды
 Хайнань аралында коронавирустың таралуына байланысты енгізілген локдауннан 80 мыңнан астам турист қамалып қалды, - деп хабарлады ҚазАқпараттың Қытайдағы меншікті тілшісі. Аралдағы Санья қаласында локдаун  6 тамыздан бастап енгізілген. 80 мың туристің шамамен 32 мыңы қонақүйлерде қамалып отыр. Олар коронавирусқа қарсы ПТР-тесті жеті күн ішінде тапсырғаннан кейін ғана ол жерден кете алады. Осы жағдайға байланысты қаладағы қонақүйлер бағасы 50 пайызға дейін арзандатылған. Жергілікті БАҚ хабарлауынша, 6 тамызда Санья қаласындағы халықаралық әуежайда 333 рейс кейінге қалдырылған және теміржол пойыздарына билет сату тоқтатылған.