Елордада Сауран көшесіндегі учаске жабылады
Елордада Сауран көшесіндегі учаске жабылады
Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сауран көшесінде жол жөндеу жұмыстары басталғанын мәлім етті. Елорда әкімдігі ресми сайтының хабарлауынша, осыған байланысты, 6-20 тамыз аралығында Сығанақ көшесінен Керей-Жәнібек хандар көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.
"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз", – делінген ведомство хабарламасында.