Канело жеңіске жетеді - бұрынғы әлем чемпионы Григорий Дрозд
 Канело жеңіске жетеді - бұрынғы әлем чемпионы Григорий Дрозд

Бокстан бұрынғы әлем чемпионы, ресейлік Григорий Дрозд барша жұрт көз тіккен Головкин-Канело арасындағы трилогияға байланысты өз ойын айтты. Тіпті, ол бұл кештің жеңімпазы кім болатынына да тоқталған. Григорий Дрозд мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен қазақстандық Геннадий  Головкин арасындағы жекпе-жектің қалай аяқталатынын MMA.Metaratings.ru сайтына берген сұхбатында айтқан. Сөзіне сүйенсек, бұл бокс кешінің басты фавориті — Альварес.

"Гена — әріптесіміз. Оның мінезін жақсы білемін. Әрине, кездесуде барын салады деп ойлаймын. Бірақ бұл кештің жеңімпазы Альварес болады деп ойлаймын. Генаға сәттілік", - дейді экс-чемпион.
Айта кетейік, отандасымыз Головкин мен мексикалық "Канело" Альварестің боксы 17 қыркүйекке жоспарланған. Бұл екі боксшының рингтегі үшінші кездесуі болмақ.