Блогер пәтер алаяқтарының алдау жүйесін әшкереледі
Блогер пәтер алаяқтарының алдау жүйесін әшкереледі
Блогер Есентай Ниязбаев әлеуметтік желідегі парақшасында пәтер алаяқтарының алдау жүйесін әшкереледі. "Бір айдан кейін Алматыдағы ең үлкен проблема - пәтер іздеу басталады. Сондықтан абайлаңыздар, бізде бір оқиға болды. Абай - Байзақов қиылысынан пәтер таптық, бағасы - 200 мың теңге. Алматыдағылар түсінеді, осындай пәтер үшін 200 мың теңге дегенің ертегі ғой. Бірден аламыз дедік", - дейді блогер. Кейін пәтер қожайыны Таразда екенін, ақшаның жартысын алдын ала төлеп қойса, келесі күні пәтерге кіргізетінін айтқан.
"Бұл аға алаяқ болып шыққаны ма дедік? Жақсы. Келесі күні басқа нөмірден жазамыз, дәл осындай әңгіме болды", - дейді Есентай Ниязбаев.
Сол кезде блогер Таразда екенін айтқан, бірақ "пәтер иесі" Қапшағайда екенін айтып, жауап беріпті. Блогер алматылықтарға мұндай алаяқтар барын айтып ескертті. TikTok-тағы видео 750 мың қаралым жинап, 500-ге жуық адам пікір жазған.
"Мен де сөйлестім осы кісімен", "Әйелім Қапшағайда еді демедің бе?", "Мен қалада емеспін, алдын ала төлем беріңіз деген әңгімесінен-ақ білесің алаяқ екенін", "Ешқашан "задаток" бермеңдер! Әдетте олар телефон нөміріме лақтыр деп айтады", - деп пікір жазған желі қолданушылары.
@yesssentay_сақ бол болындаршы❤️🙏🏻♬ оригинальный звук - Yesssentay