Шардара аудандық орталық ауруханасының хирург дәрігері Нұрсұлтан Сарыбаев орталық мешітте ашық есік күнін өткізіп, 150 баланы ақысыз түрде сүндетке отырғызған. Ашық есік күні кеше таңғы сағат 07.00-ден 17.00-ге дейін өткізілді. Оның сөзінше, сүндеттеу - Пайғамбарымыздан (с.а) қалған сүннет амал. Шариғатымызда да және медицина бойынша да сүндеттеу тазалық болып саналады.
"Сондай-ақ орталық мешітте ашық есік күнін өткізіп, ақысыз түрде жұмыс атқарып жатқан Шардара аудандық орталық ауруханасына оның ішінде хирург дәрігер Нұрсұлтан бауырымызға өз алғысымды білдіремін. Осындай игі шараларды алдағы уақытта тағы да жалғастыратын боламыз», - деді Шардара ауданының бас имамы М.Асанов.Таңнан баласын ертіп орталық мешітке қарай ағылған тұрғындар сауапты іс-шараны ұйымдастырушы азаматтарға алғыс жаудырды.