Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады
Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады
1,558
оқылды
Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады. Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с. Ақмола облысының шығысында күндіз қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Павлодар облысыңда түнде облыстың батысыңда, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Нұр-Сұлтан қаласында да жауын жауып, күн күркірейді.