Шахмат Олимпиадасы: әйелдер құрамасы тағы жеңіске жетті
Шахмат Олимпиадасы: әйелдер құрамасы тағы жеңіске жетті
Фото: yandex.kz
700
оқылды
Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы Дүниежүзілік Олимпиаданың 9-ыншы кезеңінде Болгария құрамасын 3:1 есебімен жеңді. Жеңіске Жансая Әбдімәлік пен Гүлісхан Нақбаева жетті. Ал Бибісара Асаубаева мен Ксения Балабаева ойынды тең есеппен аяқтады. Құрамамыз еншісінде – 7 жеңіс, 1 тең ойын және 1 жеңіліс. Осы матчқа дейін әйелдер командалары арасында Қазақстан турнир кестесінде 6-орында болған еді. Ал Қазақстан ерлер құрамасы бүгін Сербиядан 1:3 есебімен жеңілді. Мұртас Қажғалеев пен Арыстанбек Оразаев ойынды тең есеппен аяқтаса, Ринат Жұмабаев пен Әлішер Сүлейменов қарсыластарына есе жіберді. Ерлер құрамасы турнирде осымен үшінші рет жеңіліп отыр. Бүгінгі матч алдында қазақстандық команда 12-орында болды.