Ақтаулық балуан жас спортшыларға 1 миллион теңгенің кілемін сыйлады
Ақтаулық балуан жас спортшыларға 1 миллион теңгенің кілемін сыйлады
466
оқылды

Еркін күрестен әлем чемпионы ақтаулық Камил Куруглиев Маңғыстау облысындағы ауылдық спортзалға 1 миллион теңге сыйға тартты.

92 келіде жеңіске жеткен балуанға спорт жанашыры Ерлан Қожасбай 1 миллион теңге сыйақы тағайындаған болатын. Камил бұл қаражатты Маңғыстау облысы Қызылсай ауылындағы жас балуандарға күресетін кілем әперуге жұмсады. Жанкүйерлер балуанның бұл әрекетіне алғысын жаудыруда. Айта кетелік, әлем чемпионатында қазақстандықтар екі алтын жеңіп алған.