Ауа райы: жаңбыр жауып, дауыл соғады
Ауа райы: жаңбыр жауып, дауыл соғады
Фото: finanzen100.de
1,316
оқылды
Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронталды бөліктің әсерінен ауа райы құбылмалы болады. «Қазгидрометтің» мәліметінше, еліміздің оңтүстік жартысы мен солтүстігінде жаңбыр жауады. Күндіз солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады, сондай-ақ найзағай, жел, бұршақ пен дауыл күтіледі. Қазақстанның қалған бөлігі жауын-шашынсыз болады. Оңтүстікте күндіз шаңды дауыл болады. Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз Ақмола облысының шығысында, Жамбыл, Түркістан облыстарының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Күндіз Батыс Қазақстан облысында қатты ыстық күтіледі, Атырау облысында қатты ыстық сақталады. Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.