Кеше Оралда кәсіпкер кісі қолынан мерт болды. Бірнеше жерден пышақ жарақатын алған 49 жастағы кәсіпкердің денесі П.Атоян атындағы стадионның тұрағынан табылды.
Полицейлер күдіктілерді анықтады. Әлеуметтік желіде «Рахат-Лукум» дәмханасында орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған видео тарады. БҚО ПД департаменті кәсіпкерді өлтірді деген күдіктілердің суретін жариялады.«Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті 2022 жылдың 6 тамызында сағат 19.55 шамасында аса ауыр қылмыс жасаған 1991 жылы туған Қожантаев Руслан Фархатұлы, 2001 жылы туған Амангелді Тұрлан Сырлыбайұлына іздеу жариялайды. Махамбет көшесі 15 мекенжайындағы ғимаратта адам өлтіріп, оқиға орнынан ізін суытқан» делінген ресми хабарламада.*Ескерту! Видеода жантүршігерлік кадрлар барын ескеріңіз. Балалар мен жүйкесі әлсіз адамдарға қарауға болмайды. https://youtu.be/OSEQMpRNTsg