Шымкентте өзен үстіндегі құбырдан құлаған қыз суға батып кетті
Шымкентте өзен үстіндегі құбырдан құлаған қыз суға батып кетті
Фото: ТЖД-нен алынды
2,320
оқылды
Шымкентте Бадам өзеніне қыз абайсызда құлап кеткен. 2011 жылы туған қыз өзеннің үстіндегі құбырдан суға құлаған. Жүзуді білмеген соң суға батып кеткен. Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Сүңгуірлер бірнеше сағат бойы қыздың денесін су астынан іздеді. Құтқарушылар қыздың денесін судан алып шығып, туыстарына тапсырды.    width= Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің 10 қызметкері 4 техникамен жұмыс істеді.