Алматы облысында көлік апатынан 5 адам көз жұмды
Алматы облысында көлік апатынан 5 адам көз жұмды
4,332
оқылды
Алматы облысында көлік апатынан 5 адам қаза болды. Тағы кәмелетке толмаған үш бала ауруханаға түсті.
«6 тамыз күні сағат 20.40 шамасында «Ауди» көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «Рено» көлігіне соғылған. Салдарынан 5 адам қаза болды. Тағы кәмелетке толмаған үш бала түрлі дене жарақатымен Шелек ауруханасына түсті. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес тергелуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ақпаратқа сәйкес, жантүршігерлік көлік апаты Алматы-Көкпекті-Көктал тасжолының 181- шақырымында болған.

Болат Абаған