Жас маман жұмыспен қамтылды
Жас маман жұмыспен қамтылды
762
оқылды
«AMANAT» партиясы Жуалы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрмахан Тыныбеков азаматты жеке сұрақтарымен қабылдаған болатын. Қабылдауға жұмыс сұрап келген Көлбастау ауылының тұрғыны Ая Көпжасарованың мәселесі оң шешімін тапты. Жуалы аудандық білім бөлімінің басшысы өтініш иесінің мәселесі бойынша көмек көрсетуге ықпал ететінін айтты. Артынша өтініш білдіруші азаматтың мәселесі бойынша Жуалы аудандық білім бөліміне құжаттары қабылданып, өз мамандығы бойынша 1 тамыздан бастап жұмысқа орналастырылды. Сөйтіп,  өтініш оң шешімін тапты. Ал өтініш иесі жұмысқа тұруға көмектесіп, мәселенің шешілуіне ықпал еткен аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрмахан Аманбайұлына және партия аудандық филиалына алғысын білдірді.