Түркістан облысында «Халыққа көмек» жобасы аясында жалғызбасты қарияға көмек берілді
Түркістан облысында «Халыққа көмек» жобасы аясында жалғызбасты қарияға көмек берілді
5,466
оқылды
«AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалына Алпамас батыр  ауыл округінің тұрғындары аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі К.Тұржанованың қоғамдық қабылдауында ауыл белсенділері ауыл тұрғынының үйі тұруға жарамсыз екенін айтып, жәрдем сұраған болатын. Өтініш иесінің мәселесін қарау үшін «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында аудандық депутат, фракция мүшесі К.Тұржанова қоғамдық қабылдауына шақыртылып, мәселесі қаралды. Қабылдау барысында мұқтаж екені анықталды. халыққа көмек Нәтижесінде, аудандық депутат, фракция мүшесі К.Тұржанова тарапынан үйіне қажетті құрылыс жұмыстары жүргізіліп, көмек берілді. Өтініші қанағаттандырылған соң Бакбуршинов Махсут "AMANAT" партиясы Келес аудандық филиалына және аудандық депутат, фракция мүшесі К.Тұржановаға  алғысын білдірді.