Тайвань басшысы Су Чжэньчан Қытайдың арал маңындағы жаттығулары аймақтық тұрақтылық пен бейбітшілікті бұзу мақсатында жасалған әрекет екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Bloomberg.
Саясаткер өз үндеуінде Бейжіңді бұл әрекеттерін тоқтатуға шақырды. Өз сөзінде ол бағынбайтынын жеткізді.
"Қытай аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылықты бұзу үшін соғыс қимылдарын қолданды. Біз ешқашан қысымға бой алдырмаймыз. Біз бостандық пен демократияны қолдаймыз әрі тайваньдықтар есігімізде Қытайдың күш пен қару-жарақ қолдана отырып, жүргізіп жатқан қорқынышты әрекеттерін қолдамайды деп сенеміз", - деді Су Чжэнчан.