Қол астындағы қызметкері жемқорлықпен ұсталған Екібастұз әкімі отставкаға кетті
Қол астындағы қызметкері жемқорлықпен ұсталған Екібастұз әкімі отставкаға кетті
379
оқылды
Екібастұз қаласының әкімі Ардақ Қаңтарбаев қызметінен босады. Павлодар облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес Екібастұз қаласының әкімі бағынышты қызметкерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін отставкаға жіберілді. Осылайша, ол 2022 жылғы 8 тамыздан бастап атқарып отырған лауазымынан босатылды. Екібастұз қаласының әкімі Ардақ Қаңтарбаев отставка туралы өтінішін өзінің тікелей бағынысындағы қызметкер - қала әкімінің орынбасары Бауыржан Ахметовке қатысты сот үкімі күшіне енген соң берді.
“Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов отставканы қабылдап, Екібастұз қаласының әкімі Ардақ Қаңтарбаевты лауазымынан босатты” делінген баспасөз қызметінде.
Ардақ Қаңтарбаев Екібастұз қаласы әкімінің лауазымында 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс істеген еді. Еске салайық, Екібастұз әкімінің орынбасары Бауыржан Ахметов және оның қарамағындағы ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары А.Садықов пен сол бөлімнің бас маманы К. Түсіпбеков сыбайлас жемқорлыққа байланысты сотталып, бас бостандығынан айырылған болатын.