Жамбыл облысында той кортежін ұйымдастырып, аспанға оқ атқандар жазаланды
Жамбыл облысында той кортежін ұйымдастырып, аспанға оқ атқандар жазаланды
215
оқылды
Жамбыл облысы Қордай ауданының тұрғындары жол ережесін және қоғамдық тәртіпті өрескел бұзғаны үшін жазаланды.
7 тамызда жол қозғалысы ережесін және қоғамдық тәртіпті бұзған көлік жүргізушілерін аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұстап, полиция бөліміне жеткізген. Олар той кортежіне ілесіп жүріпті. Тәртіп бұзушылар өздерінің заңға қайшы әрекеттерін видеоға түсірген. Бейнежазбадан жүргізушілердің полицейлердің көзінше аспанға қару кезеніп оқ атып, қарсы жолақтағы көліктерге жол бермей жатқанын көруге болады. Барлығына әкімшілік жаза тағайындалып, автокөліктері айып тұрағына қойылды.
"Lexus 570" маркалы көліктің 23 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шыққаны үшін ҚР ӘҚБтК 596-бабының 3-бөлігіне сәйкес, мемлекеттік нөмірсіз жүргені үшін 590-баптың 2-бөлігі бойынша және 590-баптың 10-бөлігіне сай (көліктің алдыңғы терезесін қараңғылау) әкімшілік жауапкершілікке тартылды" делінеді облыстық ПД баспасөз қызметі хабарламасында.