Бағаны тұрақтандыру - басты назарда
Бағаны тұрақтандыру - басты назарда
299
оқылды
Көкшетауда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бақылау мақсатында құрылған партиялық мониторинг тобы қаладағы ірі базарларды аралады. Олар бәрінен бұрын сүт, картоп, пияз және май бағасының өскенін анықтады. Қант тапшылығы жоқ, құмшекер барлық базар сөрелерінде тұр.
«Мониторинг барысында 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тексердік. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, маусым айында еліміздегі инфляция 14,5 пайызды құраған. Бір жылдың ішінде азық-түлік тауарлары 17,9 пайызға, азық-түлік емес тауарлар 11,1 пайызға, ал ақылы қызметтер 8,9 пайызға қымбаттаған», – дейді Көкшетау қалалық мониторинг тобының жетекшісі Бақтияр Молдахметов.
Бүгінде Ақмола облысы бойынша орташа есеппен қант – 618 теңгеден, сүт – 301 теңгеден, пияз – 297 теңгеден, тауық жұмыртқасы – 413 теңгеден, сиыр еті 2 433 теңгеден сатылып жатыр. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасындағы өзгерістер партиялық бақылау комиссиясында қаралады. Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар жасалып, оның нақты мерзімі мен жауапты тұлғалар белгіленеді.