Қазақстанда қанша баланың көзі нашар көреді?

Қазақстанда қанша баланың көзі нашар көреді?
Фото: glazexpert.ru

Көзі нашар көретін бала саны көбейіп барады. Дәрігерлер жүргізген медициналық тексерудің  қорытындысы бойынша 60 490  оқушының көру қабілеті нашар екені анықталды, – деп жазады 24.kz.

Былтырғы жылмен салыстырғанда 3 есе көбейген. Жыл өткен сайын жүйке жүйесі мен омыртқасында ақауы бар балалардың да қатары да көбейген. Бұл туралы вице-премьер Ералы Тоғжановтың депутаттар сауалына берген жауабында айтты.

Мәліметке қарағанда балалар денсаулығының нашарлауына гаджеттер мен компьютерді жиі қолдану және ақпараттың шамадан тыс көптігі әсер етіп отыр. Сондықтан Үкімет Денсаулық сақтау және Оқу-ағарту министрлігіне оқу үрдісіне денсаулыққа зияны аз технологияларды іріктеп, енгізу туралы тапсырма берді.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.