Илья алтын алды
Илья алтын алды
161
оқылды
Илья Ильин Токио Олимпиадасына жолдама алуға ниет­ті. Ол Өзбекстанда өткен халықаралық бірлік чемпио­на­­тын­да топ жарды. 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған спортшымыз қоссайыс нәтижесінде 355 келіні ба­ғындырды. Илья – айтқанынан қайт­пайтын спортшы. Психология тұрғысынан да мығым екенін талай жарыста дәлелдеді.  Со­ның бірі – Ташкентте өткен дәс­түрлі VI халықаралық бірлік чем­пионаты. 102 келіге дейінгі сал­мақ дәрежесінде сынға түс­кен Илья алтын медаль алды. Отандасымыз қоссайыс қо­рытындысы бойынша 355 келі көтерді. Жұлқи көтеруде 160 келі, серпе көтеруде 195 келі­ні бағындырып, жеңімпаз атанды. Катар зілтеміршісі Фарес Ельбахқа күміс жүлде бұйырды. Оның көрсеткіші – 353 келі (159+194). Ал өзбек ат­­леті Умарбек Шохназаров үз­дік үштікті түйіндеді. Жергі­лік­ті спортшы қоссайыс бо­йын­ша 341 келі көтерді.
8-12 ақпан аралығында өте­тін турнирде құрамамыз құра­лақан емес. Илья Ильин­нен бұрын 61 келі салмақ дә­ре­­жесінде өнер көрсеткен Игорь Сон (286 келі) алтын жүл­деге ие болды.  Аталған тур­нир Токио Олимпиадасына ірік­теу турнирі есебіне кіреді. Бай­рақты бәсекеде 47 елдің ауыр атлеттері өзара жүлдені са­рапқа салады.
Естеріңізде болса, Ильин 2019 жылы Паттайя қала­­сын­­да өткен Әлем чем­пио­­на­ты­на қатысты. Бұл бі­рін­­ші­лік­те Илья 96 келі сал­мақта сын­ға түсті. Нәти­же­сінде, чем­пионатты 13-орын­мен ақ­­та­ды. Қоссайыс қоры­тын­ды­­сы бойынша 363 келіні ба­ғындырды. Бұдан кейін ол Instagram парақшасында ары қа­рай не істейтінін жазған еді. Илья үлкен спортта 32 жас­қа дейін жүретінін жазды. Сәті түссе, Токио олимпиадасына қа­тысқысы келетінін атап өтті. Әрі спорттан кетсе де, ауыр ат­летика саласында жү­ре­ті­нін айтты. Бастысы ол олим­пиа­­даға баспалдақ ретінде Таш­­кент пен Нұр-Сұлтан қа­ла­­сында өтетін турнирді көр­сеткен. Яғни, спортшымыз алғашқы баспалдақтан өтті. Бұған салмақ дәрежесін өз­герт­­кені де әсер етті. Өйт­ке­ні бұрын 96 келіде өнер көр­сет­кен ол 102 келіге дейінгі сал­­мақ дәрежесіне ауысты. Әрі уақытылы жаттығу жасап, пси­­хологиялық дайындық жүр­гіз­гені көрініп-ақ тұр. Ауыр атлеттің ендігі мақ­саты – Нұр-Сұлтан қаласында өте­тін Азия чемпионаты. Атал­ған сайыс 18-22 сәуірде Jekpe-jek сарайында өтеді. Бұл да Токио Олимпиадасына жол салар турнир. Егер Илья топ жа­рып жатса, олимпиадаға қа­тысу үміті қайта тұтанады. Бәрі сәтімен орындалса, ай­бын­­ды ұлдың әлемдік арена­да­ғы атағын қайтаруға мүм­кін­дік туады.   Айбике ЖАНАСЫЛ