Бас прокуратураның құпия құжаттары ұрланды
Бас прокуратураның құпия құжаттары ұрланды
Фото: Интернеттен алынды
202
оқылды
Еліміздегі Бас прокуратураның құпия деректері ұрланды, – деп жазады 24.kz. Бұл туралы кибершабуылдарды зерттеу және талдау орталығы хабарлады. Мамандардың айтуынша, қадағалау органының ақпараттық жүйесі бірнеше айдан бері қандай да бір қорғауға алынбай келеді. Сәйкесінше, әкімшілік іс жүргізілген қазақстандық немесе шетелдік азаматтарға қатысты мәліметтер қолды болып жатыр. Жүйедегі олқылық салдарынан құқық бұзушылар төлеген айыппұлдар, ескертулер, тұрғылықты мекен-жайлар, суреттер, автокөлік және жеке сәйкестендіру нөмірлері киберқылмыскерлердің құрығына іліккен. Дереккөздің айтуынша, прокуратура орталық мамандарының дабылына әзірге үн қатар емес.