Алматыда жолаушыларды заңсыз тасымалдаған автобус жүргізушілерін жауапқа тартты – видео
Алматыда жолаушыларды заңсыз тасымалдаған автобус жүргізушілерін жауапқа тартты – видео
Фото: yandex.kz
214
оқылды
Алматыда жолаушыларды тасымалдаған автобус жүргізушілерінің тиесілі құжаты талапқа сай болмаған, – деп жазады Polisia.kz. Полиция жолаушылар тасымалымен айналысуға құқығы жоқ тағы екі қоғамдық көлік жүргізушісін ұстады.
«Түрксіб және Жетісу ауданында полицейлер жолаушыларды заңсыз тасымалдап жүрген жүргізушілерді анықтады. Құжаттарды тексеру барысында жүргізуші куәліктерінде қоғамдық көлікті басқаруға рұқсат беретін санат болмаған. Тәртіпті сақтамаған екеуін жауапқа тартты», – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Дәулет Сейітқұлов.
https://youtu.be/do9rgnoMljc Сондай-ақ жолаушылардың қауіпсіздігі үшін 233 жол белгісі орнатылды.