NASA-да – Абай әні
NASA-да – Абай әні
339
оқылды
NASA жанындағы жазғы мектептегі ұлттық жәрмеңкеде Қазақстан мәдениетін таныстырған 15 жастағы Ярослава Кравчук NASA United Space School-де Абайдың «Кө­зімнің қарасы» әнін орындады. Музыкалық нөмірден бөлек, отандасымыз ет асып, бауырсақ пісіріп, қонақтарға «Қазақстан» шоколадын ұсынған. Ярославаның анасы Ирина Кравчуктың айтуынша, қызы ұлттық тағамдарды өзі тұратын үйде әзірлеген.
«Жазғы мектепке қатысушылардың ата-анасы аэроғарыш өнеркәсібі немесе білім саласымен байланысты балалардың отбасында тұрды. Ярослава NASA-ға бару арманы орындалғанына өте қуанышты. Тағылымдама барысында ғарышкерлермен кездесулер, аэроғарыш агенттігі мамандарының дәрістері, мәдени бағдарлама, спорттық іс-шаралар және Марсқа миссияны жіберу бойынша бірлескен жоба бойынша жұмыстар жүргізілді, яғни тағылымдамадан өтушілер Марсқа адамның ұшу барысын әзірлеуі керек болды. Ол үшін оқушылар командаларға бөлініп, әрқайсысы өз жұмысына жауапты болды. Оларға Жерге ұшудан Марсқа қонуға дейін барлық есептеулерді және зерттеулерді жүргізуге тура келді. Қызым ұшу аппаратын қондыруға жауапты командада болды. Жобаны қорғауға USS-дің 2019 жылғы түлегі, физик Мұқатай Байжан қатысты», – дейді оқушының анасы.