Рахмонов туралы фильм түсіріледі
Рахмонов туралы фильм түсіріледі
UFC ұйымы қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов туралы деректі фильм түсірмек. Қазіргі кезде промоушеннің түсіру тобы Рахмонов жаттығып жатқан Алматыға келіп, түсірілімді бастады. Айта кетейік, 26 маусымда Рахмонов америкалық Нил Магниді жеңіп, UFC турниріндегі төртінші жеңісіне қол жеткізген еді. Бүгінгі таңда Рахмонов UFC жартылай орта салмақ рейтингінде оныншы орында тұр.