Шымкентте есірткі сатып жүрген жерінен ұсталған қыз 7 жылға сотталды
Шымкентте есірткі сатып жүрген жерінен ұсталған қыз 7 жылға сотталды
Фото: yandex.kz
352
оқылды
Шымкент қаласында есірткі сатқан қыз сотталды, – деп хабарлайды inform.kz. Әл-Фараби аудандық соты есірткі сатумен айналысқан 27 жастағы азаматшаға қатысты үкім шығарды. Ол синтетикалық есірткі сатқан. Былтыр маусым айында 27 жастағы азаматша «пирролидиновалерофенон» (α-PVP) есірткісін полиэтилен пакетке салып, 11 000 (он бір мың) теңгеден сатып жүрген жерінен ұсталған еді. ҚК-нің 297-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс сотқа жолданып, кінәсі толығымен дәлелденді.
«Күдікті бұған дейін Түркістан облысы Сайрам аудандық сотымен ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен (аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) 3 жыл 6 ай мерзімге сотталғаны ескеріліп, осы үкіммен тағайындалған жазаға ішінара қосып, жалпы 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды» делінген полицияның ресми хабарламасында.