Әскерде азғындық көрдім деген әйел журналистерге сұхбат берді
Әскерде азғындық көрдім деген әйел журналистерге сұхбат берді
Фото: Tengrinews.kz/Святослав Антонов
1,896
оқылды
Бұрынғы әскери қызметкер Айғаным Елшібаева БАҚ өкілдерінің алдына шығып, пікір білдірді, – деп хабарлайды Azattyq Ruhy. БАҚ өкілдерімен кездесу барысында ол Қарулы Күштер қатарында қандай қиындықтарға тап болғанын айтып өтті. Ішкі толқынысы мен көз жасын әрең ұстаған Айғаным бала күнінен әскери академияда білім алып, қызметін осы жолда жалғастыруды армандағанын жеткізді. Айғаным 2019 жылдың желтоқсанында Алматы облысының Шеңгелді кентінде орналасқан 54179 әскери бөліміне алынды. Бала күнгі арманы орындалғанына бастапқыда қуанғанымен, көп ұзамай қуанышы су сепкендей басылыпты. Көп ұзамай батальон командирінің өзіне деген азғындық ниетін байқаған. Ол кінәлі азаматтар лайықты жазасын алатынына күмәнмен қарайтынын жасырмады. Алайда өзінің бұл әрекеті өзгелерге сабақ болатынынан үмітті. Айғаным әскери бөлімде не болып жатқанын өзгелер де білгенін, өзінің жағдайын ашық айту арқылы өзге де әскери қыздарға қорған болғысы келетінін айтты. Айта кетейік, осыған дейін Айғаным Елшібаев «НеМолчиKz» қоғамдық қорына жүгініп, Қарулы Күштер қатарынан амалсыздан кеткенін айтып берді. Қорғаныс министрлігі осы мәлімдемеден кейін шұғыл түрде комиссия құрылғанын мәлімдеді. Жағдайды Қорғаныс министрі өз бақылауына алған.