2 миллиард қолданушы бар
2 миллиард қолданушы бар
220
оқылды
Мессенджерлер өзара бәсекеге түскен дәуірде бірін үздік деп айту қиын. Десе де ішінде WhatsApp басымдыққа ие. Танымал мессенджер қолданушысы 2 миллиардқа жеткен. Бұл туралы WhatsApp әкім­­ші­лігі Twitter-де хабарла­ды. Компания енді жеке ақпа­­рат­ты қорғауға көңіл бө­ле­­ті­н­ін жазды. Алдағы уа­қыт­­та WhatsApp арқылы жі­бе­рілген ха­­барламаның бәрі шифр­ла­­нады. Арнайы блогта ха­бар­лама тек телефонда сақ­та­­­­латынын, оны үшінші бір адам оқи алмайтынын жаз­ған. Қо­ңыраудың да тыңдал­май­ты­нын, тіпті бұған мессенджер әкімшілігінің де мүмкіндігі жоқ екенін атап өткен. Мес­сенд­­жерде орындалған бар пәрмен қолданушы мен әңгі­ме­­лесуші арасында қалатынын көр­сеткен. WhatsApp-тың мұндай мә­лімдеме жасауына БҰҰ қыз­мет­керлерінің мәлімдемесі се­беп болды. БҰҰ бас хатшы­сы­ның орынбасары Фархан Хақ 23 қаңтарда өткен бри­финг­те қызметкерлерінің мес­сенджерге күмәнмен қа­рай­тынын айтты. Оның мә­лім­деуінше, БҰҰ қыз­мет­кер­лері WhatsApp-қа кірмейді. Олардың ойынша, WhatsApp қауіпсіз механизм емес. Бас хатшының бұлай де­уіне бірнеше жағдай себеп бол­ды. Соның бірі – Ama­zon компаниясының бас­шы­сы Джефф Безостың теле­фо­нын­дағы ақпараттың тара­луы. Бұдан бөлек, Telegram мес­сенд­жерінің негізін қалау­шы Павел Дуров та WhatsApp-ты сынап жүр. WhatsApp қол­да­ну­шы жазған хатты, файл­ды қорғауға қауқары жоқ екенін бірнеше мәрте айт­қан. Ол өз тарапынан бір­неше болжам жасады. Мессенджерден ақау шығаты­ны, мұны хаккерлер өзінше пайдалатынын көр­сет­ті. Тіпті мемлекеттік меке­ме­лер де жеке мәліметке қол сұға алатынын айтты. Десе де жаһан жұрты WhatsApp-тан бас тартқан жоқ. 2017 жылы мессенджер қол­­данушысы бір миллиардқа, 2020 жылы екі миллиардқа жетті. 2009 жылы шыққан Whats­App ел арасында жылдам сұра­нысқа ие болды. Табыс әке­летін бастама екенін біл­ген Facebook компаниясы Whats­App-ты 2014 жылы 19 мил­лиард дол­лар­ға сатып ал­ды.   А.ЖОЛДАС