«AMANAT» партиясы: Маңғыстауда азық-түлік бағасына мониторинг жасады – видео

«AMANAT» партиясы: Маңғыстауда азық-түлік бағасына мониторинг жасады – видео

Бүгін «AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанынан құрылған аймақ бойынша азық-түлік тауарларының бағаларына сараптама жүргізу жөніндегі мониторингтік топ мүшелері қаладағы бірқатар ірі сауда орындарында болып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы, сапасы мен қамтамасыз етілуі бойынша қоғамдық бақылау жүргізді.   Бақылау барысында сауда орындарындағы халыққа қажетті өнімдер жеткілікті екені анықталды. Осы орайда топ мүшелері кәсіп иелеріне азық-түлік бағаларын тұрақты ұстап тұруға ұсыныс білдіріп, бағаны негізсіз көтеру бойынша тиісті жауапкершілік қолданылатыны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Алдағы уақытта партия тарапынан өңірдегі ірі сауда орындары мен базарлардағы тауарлардың бағасына тұрақты бақылау және талдау жұмыстары жүргізіліп тұрады.