ҰҚК Тоқаевқа қастандық жасамақ болған адамның кім екенін айтты
ҰҚК Тоқаевқа қастандық жасамақ болған адамның кім екенін айтты
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
1,202
оқылды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері тұтқынға алынған күдіктінің аты-жөнін атап, оның қандай қылмыстарға қатысы болуы мүмкін екенін жария етті, – деп хабарлайды Экспресс К.
«Ұлттық қауіпсіздік қызметі Аян Атығаевқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 1-тармағы мен 255-бабының 4-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр», – деп жауап берген ҰҚК өкілдері.
Қылмыстық кодекстің 24-бабының 1-тармағында белгілі бір қылмысқа дайындалу көрсетілсе, 255-бабының 4-тармағында қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның шешiм қабылдауына ықпал ету және басқа лаңкестік әрекеттермен ұштасқан адам өміріне қол сұғу әрекеті қарастырылған. Аталған баптарға сәйкес айыпты азаматқа дүние-мүлкін тәркілеп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе аталған шараны қолданбастан, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге немесе өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. ҰҚК тұтқынға алынған күдіктіге қатысты басқа мәліметтерді тергеу құпиялылығына байланысты берген жоқ. Еске салсақ, ҰҚК барлау қызметі Нұр-Сұлтан қаласында Президентке және бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге қастандық жасауды жоспарлаған шетел барлау агенті «А» деген қазақстандықты ұстағанын хабарлаған болатынбыз. БАҚ беттерінде Аян Атығаевтың бұрын журналист болғаны және Нұр-Сұлтан қаласында адвокат болып жұмыс істегені айтылды.