Қаскелеңде Шамалғанда соғысқан автобус пен пойыз апатына қатысты сот отырысы басталды, – деп жазады Tengrinews.kz. Соттың дерегінше, стансаның кезекшісі ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша айыпталып отыр. Алматы облысының Қарасай аудандық соты куәгерлерден жауап ала бастады.
«Біз өткелге келгенде бағдаршам өшіп тұрды, онда автобус ұзақ тұрған жоқ. Содан бір минуттай уақыт өткен соң адамдар айқайлай бастады. Автобус енді өтіп бара жатқанда онда станция кезекшісі тұрды. Пойыз жақындаған сәтте оның қалай әрекет еткенін көрген жоқпын», – дейді апаттан зардап шеккен Эльмира Жәнібекова.Айта кетейік, былтыр 15 қыркүйекте Шамалғанда сағат 19:08-де «Ақсеңгір – Шамалған» теміржол өткелінің «Алматы – Отар» учаскесінде №43 Алматы-Қостанай жолаушылар пойызы мен Setra маркалы №456 Алматы-Қаскелең жолаушылар автобусы күзетілетін өткелде соқтығысқан болатын. Апат салдарынан автобус жүргізушісі қаза тапқан еді.