Елордада полицейлерден қашқан жүргізуші қамауға алынды
Елордада полицейлерден қашқан жүргізуші қамауға алынды
297
оқылды
Нұр-Сұлтанда полициядан қашқан жүргізуші қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
"Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот шешімі бойынша құқық бұзушы мас күйде көлік жүргізгені үшін 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынып, көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылды. Сонымен қатар, құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбау дерегі бойынша сот жүргізуші мен оның жолаушысын тағы 3 тәулікке қамауға алу туралы шешім қабылдады. Олар әкімшілік қамауға алынған адамдарды арнайы қабылдап-тарату орнына қамалған" делінген хабарламада.
Полицейлер Toyota Camry көлігін қуған сәтте түсірілген видеоны жариялады.