Қазақстанда орташа жалақы өсті
Қазақстанда орташа жалақы өсті
1,543
оқылды
2022 жылдың екінші тоқсанында орташа номиналды жалақы 312 011 теңгеге жетті, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
"2021 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда өсім 24%, нақты мәнде – 8,9% болды", – делінге хабарламада.
Бұл ретте, жалақының медианалық мәні (еңбекақы диапазонының орталық деңгейі) бағалаулар бойынша 2022 жылдың екінші тоқсанында 196 728 теңге болды. Медиандық жалақы 2021 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда 17,1%, нақты мәнде 2,8% өсті. Медиандық жалақы – жұмыстың барлық санын екі тең бөлікке бөлетін шама: 50% осы мәннен төмен төленеді және 50% жоғары төленеді.